Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келген. Сондықтан алдымен екі мемлекеттің әнұраны ойналып, Ақордада салтанатты қарауыл сап түзеді. Қытай төрағасы мен Қазақстан Президенті қос ел арасындағы байланысты одан әрі жандандырып, Жібек жолын жаңғыртуды жеделту жайын талқыламақ. Астанаға бірнеше сағат аялдаған соң Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып, Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыспақшы. Айта кетейік, бұл шараға Қазақстан басшысы да барады. Бірақ, ертерек 8 мамыр күні барып, Еуразиялық Одақтың жиынына қатысуы тиіс.
Loading...