Астана-Көкшетау тас жолында автобус аударылды

29 желтоқсанда Астанадан 20 шақырым жердегі Көкшетау тас жолында Омбы-Астана бағытына бет алған автобус аударылды. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына аэромобильді жедел құтқару отрядын жіберді. Апатты құтқару жұмыстарына 13 адам мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды. «Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден ауа райы туралы ақпараттан құлағдар болып отыруларыңызды сұраймыз. Алыс жерлерге жолға шықпауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Астана қаласынының төтенше жағдайлар департаменті.