Анна Левицкая сән индустриясы әлеміне жаңадан қадам басып жатқан жоқ, 2012 жылы «Астананың Екінші вице-мисс» титулын жеңіп алған болатын.
«Түркиядағы байқау туралы менде де тек жақсы естеліктер қалды», - дейді модель. - Бізді бесжұлдызды қонақ үйге жайғастырды, бос уақытымыз көп болды, күнге қыздырынып, суға түсіп, демалып үлгердік. Экскурсиялар болды. Байқау тек ересектер арасында емес, сонымен бірге талантты балалар арасында да болды. Мен аналардың тамаша энергетикасынан күш-жігер аламын. Өз балаларыммен де осы сияқты шараларға қатысамын деп ойлаймын».
Қазір Анна дефиле бойынша жаттықтырушы, модель болып жұмыс істейді. Сонымен бірге, ол PrimaVera агенттігі директорының орынбасары. Елордалық сұлу дизайнерлік коллекциясы мен жаңа бастаушы модельдерімен жасаған жұмыстарын жаңа жыл қарсаңында таныстыруды жоспарлап отыр.