Астаналық «Барыс» Қазақстан Президентінің кубогі жарысында капитансыз өнер көрсетеді

Елордалық клубтың бас директоры Елдар Мухометовтың айтуына қарағанда, астаналық команданың капитаны ҚР Президентінің кубогі жолындағы халықаралық турнир барысында анықталады.

«Барыстың» жаңадан келген бас бапкері Владимир Крикунов хоккейшілердің мұз айдынындағы өнерлерін көргісі келеді. Тек содан кейін ғана елордалық клубтың капитанын тағайындайды.

«Команда құрамы түбегейлі өзгерді. Мен біздің бапкермен тілдестім, ол команда капитанын өзі таңдайтындығын мәлім етті. Мүмкін ол бұны ҚР Президентінің кубогі жарысынан кейін жасар», - деп атап өтті Е. Мухометов.