Астаналық футболшылар Грузия чемпионатының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізеді


Ол 9 ақпанға дейін созылмақ. Астаналықтар өткен маусымда ел чемпионатында 4-орын алған болатын. Биыл бас бапкері ауысқан олар Олег Протасовтың жетекшілігімен 30 қаңтарда Грузия чемпионатының қола жүлдегері саналатын Рустави қаласының «Металлруг» командасымен жолдастық кездесу өткізбек. Одан кейін 4 ақпанда Молдованың «Академия УТМ», ал 8 ақпанда Чехияның «Баник» командаларымен сайысқа түспек. Содан аздаған үзілістен соң жаңа маусымға әзірлік кезіндегі соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға қайта оралмақ.