Астаналық футболшылардың қосалқы құрамы үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Ташкентке аттанады


Астаналықтардың бапкері Владимир Глевич оған қақпашылардан - Ерсін Хусайынов пен Александр Сидоровты; қорғаушылардан - Ербол Мұсабаев, Әнуар Төкенов, Радмир Муксинов, Максим Шауберт, Иван Навроцкий, Жанат Закиров, Кирилл Сазонов, Дмитрий Каминский, Дархан Көшербаев, Павел Халезов, Біржан Құлбековті; жартылай қорғаушылардан: Арсен Инкарбеков, Жұмажан Мұсабеков, Азат Смағұлов, Ринат Хайруллин, Нұрсұлтан Құрманғали, Исламбек Құлекенов, Илья Беруашвили, Бауыржан Сейсенбековті; шабуылшылардан: Байқоңыр Ыдырысов, Джаба Джамаришвили, Бимұхамед Бөкеев, Станислав Мирошниченко, Тимур Бахриден мен Игорь Попадинецті шақырып отыр. 5 ақпанға дейін созылатын бұл жиында олар 6 жолдастық кездесу өткізбек. Қарсыластардың кім болатыны әзірге белгісіз.