Астаналық медицина қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретуде

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым бағыттардың бірі - медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Оның ішінде халықаралық конференцияларға,  конгрестерге, оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу да жатады.

Оқыту «Al-Safiya» шет тілдері орталығының оқытушыларының жетекші ағылшын басылымдар базасында құрастырылған әдіспен жүргізіледі.


Оқытуға қолайлы жағдайлар жасалды: сабақ болатын уақыт ыңғайлы, аптасына 4 рет жұмыс орнында бірнеше топта жүргізіледі. 

Ақ халаттылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі ЭКСПО 2017 көрмесінің шетелдік қонақтарына сапалы медициналық көмек көрсетуге септеседі.