Астаналық оқушылар жаңа оқу жылына формасыз баруы мүмкін


Бұл мекеме баспатқыда Елордадағы бес мектептен тапсырыс қабылдаған. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлаған шағын компания мыңдаған баланы бастан аяқ киіндіре алмайтынын енді түсініпті. Ал, ата-аналар айлар бойы дәл осы дүкенді жағалап, жіпсіз байланып отыр. Өйткені, бас қаламыздағы мектептерде оқушы киіміне қатысты жаңа тәртіп орнаған. Биылғы маусымнан бастап әр мектептің өз формасы болады. Ал, шаһардағы бес оқу ордасының оқушыларына киімді дәл осы мекеме тігуі тиіс екен. 1-ші қыркүйекке санаулы күндер қалғанда фабрика жұмысын тоқтатыпты. Енді мекеме басышлары керекті киім-кешектеріңді басқа сауда орындарынан іздеп, тауып алыңдар деп қарап отыр.