Астаналық полицейлер мерекені жаппай жүгірумен атап өтті

Қызметтік формаларын спорттық киімге ауыстырған полицейлер отбасыларын де ерте  келген. Ішкі істер органдарының қызметкерлері таңғы суыққа қарамастан бабында болды. «Қазақ елі монументінен» бастап Есілдің сол жағалауындағы орталық көшелерді айнала жүгіргендер, 2 жарым шақырым қашықтықты 15 минуттың ішінде бағындырды. Астана қаласының Ішкі істер департаменті салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай,  осылайша мерекені де ерекше атап өтті.

Самғат Анаров, арнайы жасақ инспекторы:

-Бірінші рет емес, жылдан-жылға осындай шараға  қатысып жатырмыз. Барлық департамент атынан бәріміз де бір адамдай бала-шағамызбен де қатысып жатырмыз. 

Loading...