Caravan Logo

Астаналық полицейлер Ресей Федерациясының іздеуде жүрген азаматын ұстады

Астаналық полицейлер Ресей Федерациясының іздеуде жүрген азаматын ұстады

Ер адам РФ ҚК-нің 158 бабының 2 бөлімімен ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген еді. Оның ізделуіне Ресейдің Новосібір қаласы бойынша ІІМБ бастамашы болды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

РФ-ның ұсталған азаматы елордаға таяуда келген. Осы уақытта ол құрылыс құралдарын ұрлап та үлгерді.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының азаматы тергеу абақтысына қамалды. Минск конвенциясы мен халықаралық келісушіліктерге сәйкес оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.