11 қыркүйекте "Алматы" аудандық полиция басқармасына сұлулық салонының шебері келіп, Ботагөз есімді белгісіз қыздың қымбат қызмет түрін алып, төлемей қашып кеткенін хабарлаған. "9 қыркүйекте күдікті Рысқұлбеков көшесінің бойындағы сұлулық салондарының бірінде 70 мың теңгелік шаш өсіру процедурасын пайдаланып, ақшасын төлемей қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта күдіктінің кім екенін анықтау және оны ұстау үшін полицейлер жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды", - деді Астана ІІД өкілдері. Астана полициясы қызмет көрсету саласының мамандарына осылайша алаяқтардың құрбаны болмауы үшін сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырады. "Егер осы адамға қатысты қандай да бір мәліметті білетін болсаңыз, "Алматы" аудандық ІІБ-ге (Жансүгірұлы көшесі № 2) немесе мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102-ге", - деді полицейлер.