Астаналық студент «Әлем туризмінің аруы - 2012» байқауының жеңімпазы атанды

Бұл туралы дүйсенбі күні ұйымдастырушылардың сайтында хабарланды.

Бангкокта өткен байқауға 60 қыз қатысты, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі.

Екінші орын - Үндістанның, ал үшінші орын Ливанның аруына бұйырды.

Ақшалай жүлденің көлемі 25 мың долларды құрады.

«Әлем туризмінің аруы - 2012» байқауында Қазақстан атынан Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Гүлнәр Біржанова шықты. Біздің бойжеткен байқаудың суретке жақсы шығатын келбетке ие қатысушысы атағын жеңіп алды.