Астаналық студенттер елдің 20 жылдағы жетістіктері мен тарихи оқиғаларын ән, би, театрлық қойылымдар арқылы көрсетпек

Ертең, 14 желтоқсан күні Конгресс-Холл сарайында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан тәуелсіздік жолында» атты театрландырылған әдеби-музыкалық кеш өткізеді. Кеш барысында университеттің талантты студенттері еліміздің 20 жылда қол жеткізген табыстарын, басынан өткізген тарихи кезеңдерді ән, би, театр өнері арқылы көрсетеді.

Мәселен, Желтоқсан оқиғасына арналып - «Желтоқсан құрбандары», Семей полигонына - «Заман-ай», алғашқы қазақ ғарышкеріне - «Құс жолы», шет елдердегі қандастарымыздың оралуына - «Атамекен», Азияда ойындарына - «Жұлдызым» және өзге де тақырыптарға арналған қойылымдар сахналанады.