«21 жастағы Әсел Жолдасова - кәсіби модель. Оның пропоциясы 85-60-87, бойы 175 см», деп жазады басылым.
«Жер аруы» конкурсын Халықаралық экологиялық ұйым ұйымдастырып отыр. Сондықтан, оның жеңімпазы бүкіл әлемге «жасыл экономиканы» насихаттайды. Айта кетерлігі, «Жер аруы» жобасының тұңғыш қатысушысы «Қазақстан аруы» Маргарита Кравцова болған, ол онда жүлделі орынды иеленген еді» -дейді конкурстың Қазақстандағы директоры Фарида Раева.