24 сәуірде басталған дүбірлі дода Африка құрлығындағы 2.1 дәрежесіндегі бірден-бір жарыс болып саналады. Онда 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте «MTN Qhubeka» командасының шабандозы Мерон Руссом көш бастап келеді. Одан 7 секундқа қалып қойған астаналық Никита Өмірбеков - екінші орында тұр. сондай-ақ Руслан Тілеубаев - алтыншы, Константин Клименков - сегізінші, Назар Жұмабеков - он сегізінші, Алесандр Шушемони - отыз жетінші, Мирас Бедербеков - қырқыншы орыннан көрінді. Кеше 3-кезеңде мәре сызығын Руслан 5-інші, Константин 15-інші, Никита 28-інші, Назар 33-інші, Александр 46-ншы, Мирас 68-інші болып кесіп өткен еді.
Жексенбі күні аяқталатын жарысқа 15 командадан 90 спортшы қатысуда. Командалардың 10-ы Африка құрлығы елдерінің құрамалары болса, 5-еуі Еуразия құрлығынан.