Бұл дүбірлі дода 9 сәуірге дейін созылады. Онда қазақстандық кәсіпқой «Астана» велоклубының намысын отандастарымыздан Александр Винокуров пен Роман Киреев және италияндық Энрико Гаспаротто, швециялық Фредрик Кесьякоф, испандық Жозеф Жуфре қорғамақ.
Астаналық велошабандоздар бұған дейін 3 сәуірде Бельгияда Фландрии турына қатысқан болатын. Онда клуб намысын қорғаған 8 спортшының арасынан ең жоғары нәтижеге литвалық Томаш Вайткуш қана қол жеткізді. Ол 256,8 шақырымдық жарыс жолында мәре сызығын 35-ші боп кесіп өтті. Томаш енді Андрей Гривко, Максим Иглинский, Максим Говров сияқты командалас серіктерімен 10-сәуір күні Франциядағы Париж-Рубэ жарысына қатыспақ.