Евгений Непомнящий, Сергей Ренев және украиналық Андрей Гривко қорғағалы отыр.
1958 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл велододада қазақстандықтар арасынан 1998 жылы Александр Винокуров жеңімпаз атанған болатын. Биыл оған астаналықтарды клубтың спорт директорларынан Гуидо Бонтемпи мен Горазда Стангели бастап бармақ.
«Дюнкерка көпкүндігі бізді жолға қайта шақырып отыр. Бұл француз күнтізбесіндегі мәртебелі веложарыс. Онда біз Астананың намысын қорғауға тиіспіз және бұл солай болады. Аталмыш жарыста әрбір шабандоз өз мүмкіндігін көрсете алады. Бізде кәсіби пелотонның дебютанттары бар. Бұл оларға абыройлы нәтижеге жетуге жақсы сәт», - дейді Г.Бонтемпи.