Астаналық велошабандоздар Вуэльта көпкүндігіне қатысады

Олардың арасында қазақстандық Андрей Кашечкин, Александр Дьяченко, Андрей Мизуров, швециялық Фредерик Кесякофф, хорватиялық Роберт Кишерловски, италиялық Энрико Гаспаротто, испаниялық Джозеп Джупре, эстониялық Танел Кангерт мен ресейлік Евгений Петров бар. Астаналықтардың Бас спорттық директоры Джузеппе Мартинеллидің айтуынша, олар бұл додада командалық есепте үздік бестіктің қатарына енуді жоспарлауда. Андрей Кашечкин 2006 жылы жекелей сында негізгі жіктелімде үздік үштіктің қатарынан көрінген болатын. Биыл ол бұл жарыста "Астана" намысын қорғағалы отыр.