«Астаналық» велошабандоздар жаңа маусымдағы алғашқы жарысын Австралияда өткізбек

Бұл Қазақстанның кәсіпқой велоклубының биылғы маусымдағы алғашқы сайысы болмақ. Астаналықтардың намысын қазақстандық Андрей Кашечкин мен Максим Иглинский және итальяндық Андреа Гуардини, Валерио Аньоли, Энрико Гаспаротто, Франческо Гавацци, Симоне Понци қорғамақ. Оларға спорт директорларынан Стефано Дзанини жетекшілік жасайтын болады.

Былтыр 17-22 қаңтарда өткен додада 6 кезеңнен тұратын жарысқа 19 командадан 133 спортшы қатысқан болатын. Онда «астаналықтардың» намысын қазақстандықтардан Асан Базаев, Валентин Иглинский, Дмитрий Груздев, Дмитрия Муравев, итальяндықтардан Франческо Маскиарелли (Francesco Masciarelli) мен Жакопо Гуаониери (Jacopo Guarnieri), словениялқтардан Борут Бозик (Borut Bozic) қорғаған еді.