Астаналық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының І турында көш бастап келеді

Алғашқы 2 ойынның қорытындысы бойынша турнир кестесін 4 ұпаймен «Астана» командасы бастап келеді. Олардан бір ойыны кем қарағандылықтарда («Қарағанды») - 3, талдықорғандықтарда («Жетісу») - 2 ұпай бар. Ал екі кездесуде 2 ұпай жинаған алматылықтар мен екі кездесуден 1 ұпай жинаған павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») сәйкесінше 4-ші және 5-ші орындарда тұр. Бүгін енді «Ертіс-Қазхром» мен «Жетісу», «Қарағанды» мен «Алматы» волейболшылары өзара күш сынасады.

29 қараша күні аяқталатын бұл додада талдықорғандықтар одан кейін «Қарағанды» мен «Алматы», ал астаналықтар Павлодар мен Қарағандыдан келген құрдастарымен күш сынасады.