Қаптаған қара масадан әсіресе бүлдіршіндер мезі болған. Қалалық ауруханаға жәндік шаққан жері бөрітіп күніне кем дегенде он бала келеді екен.
Эрина Сабелова, Астана қ. №2 балар ауруханасының дәрігері:
- Соңғы уақытта аллергия өршіп барады. Маса шаққан жері дүмпиіп ісіп кеткен немесе денесі бөріткен баласын жетектеген ата-аналар бізге күнде шағымданады. Сондықтан барынша қауіпсіздікті сақтаған жөн.
Астананы қаптаған маса аядай ғана мына бөлмедезерттеледі.Қала бойынша қосқанаттылардың ерекшелігін меңгерген маман да жалғыз екен.
Дана Рысқұл, Астана қ. МСЭҚД-нің паразитаралық инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы:
- Масалардың көп түрлері бар. Оның ішінде Куликс аедс деген түрі бар. Осы түрлер көптеген трнасмассивті аурулардың тасымалдаушысы болып табылады. Осы аурулар елімізге таралмас үшін улау жұмыстар жүргізіледі.
Қансорғыштарға қарсы дәрі дәл осылай себіледі. Қала бойныша арнайы қауіпсіз киіммен қамтылған 70 жұмысшы бар. Олар айына бір рет Елорданың батпақ басқан үш ауданын аралап, дизенфекция жүргізеді. Жалпы, Астанада масаның өмір сүруіне қолайлы батпақ басқан 111 аумақ бар. Дәл осы аймақтар жойылмайынша, қансорғыштардан арылу мүмкін емес, - дейді мамандар.
Ерлан Арыс, дизенфектр:
- 10 литр су болады, 7 грам у. Былай көтеріп, арқаға асыламыз. Одан кейін шығып, жерге шашамыз.
Алайда, Астанадақаржы тапшылығына байланысты у жетпей, масасы өріген аймақтар да бар. Мәселен, Елорданың іргесіндегі Өндіріс, Көктал елді-мекендерінде бұл жәндікке қарсы мүлдем дәрі себілмейді. Соның салдарынан да қос қанаттылар қалаға қарай қаптайды екен.