Концерттік бағларламада цирк өнерінің элементтері бар билер, төл аспапты композициядан бастап, сынзяндықпен үйлесетін заманауи электрондық музыка, сондай-ақ R&B музыкадан классикалық репертуарға дейінгі бағыттағы түрлі жанрларда жұмыс жасайтын әмбебап шеберлердің орындауындағы әндер бар.
"Кештің ерекшелігі - мұндай театрланған шоуды тек Қытайдың ұлттық театрында ғана көруге болады. Өнердің хас шеберлері көрермен назарына өздерінің қызық та, күрделі орындауларын, сонымен қатар, қазақ халық әндерін шырқап, домбыраның құлағында ойнай алатындарын көрсетеді.
Тайюань шаһарынан келетін труппа әртістері биікке өрмелеп шығып, сальто жасап, акробатиканың небір элементтерін паш ететін жанды баурап әкететін билерін ұсынады. Аталған номердің басты мақсаты - әртістердің сол сәттегі реакциясын, асқан шеберлік пен әсемдіктің үйлесімділігін көрсету", делінген хабарламада.
Халық әні мен биінің орталық ансамблі 1952 жылдың қыркүйегінде құрылған. 60 жылдық тарихы бар труппа түрлі ұлттар өнерінің жауһарларын жиып, талай дарынды әнші, биші, орындаушы, өлең авторлары мен режиссерларын тәрбиелеп өсірді. Жалпы труппада 37 ұлыстың өкілі бар, солардың ішінде: қазақтар, моңғолдар, хуэй, тибеттіктер, ұйғырлар, мяо, чжуан, маньчжурлар, кәрістер, ханьдықтар және басқалары. Өнер ұжымының негізгі мақсаты - Қытай халықтарының би-ән өнерін жандандырып, жалғастыру және дамыту.