Бірақ, ол әлі түпкілікті шешілген жоқ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.
«Мәселе негізінен Астанада газдың құны қанша болады дегенге келіп тіреледі. Бұған дейін ұсынылған жобалардың бәрінің шығыны мол болды. Оларды қарастыру Астана үшін тиімсіз. Тым қымбат жобалар», - деді ол бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Алайда, үкімет бұл мәселені бақылаудка ұстап отыр. Көктемде аймақты газдандыру мен газдың ресурстық базасын жасау мәселесін, Астанаға газ жеткізудің басқа да жолдарын қарастыру, Қарағанды көмір бассейні қойнауында жатқан метан газын пайдалану жайын тағы да пысықтау қажет деген ортақ шешімге келдік», - деді вице-министр.