Астананы Шуда өсетін есірткі шөбін шенеуніктер құрта алмай әлек

Бұл жолы тұрғындар есірткі шөпті Орталық саябақтан байқап жағасын ұстаған. Шексе, адамды есінен тандыратын өсімдіктің ұзындығы кісі бойынан асады. Жұмысшылар күні-түні орсақ та, шөптің сейілетін түрі жоқ дейді. Керісінше, кендір Астананың бүкіл аумағына жайылуда. Бұған дейін Шу алқабында кездесетін есірткі шөп «Бәйтерек» маңынан табылып жұртты бір шошытқан. Сол кезде әкімдіктегілер оны қасақана еккен жоқпыз, топырақ  астында қалған тұқым шығар деп өздеріне шаң жуытпаған еді.

Валерий Ботанов, «Астана-көгалдандыру» мекемесінің жұмысшысы:

-Бұл бақтың ішінде шөп көп өседі. Кез-келген жерінен таба аласыз. Топырақпен келген бе, түсініксіз, әйтеуір қаптап кеткен. Өседі, шауып тастаймыз, биыл беті жаман. 

Loading...