Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, Астанадағы Ақмешіт көшесінде жаңадан салынып жатқан ғимараттың шатырында рубероид пен полиэтилен жанған. Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты қамтыған.
Өртті сөндіруге 14 техника мен жеке құрамнан 35 қызметкер жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Астананың сол жағалауында тұтанған өрттің салдарынан көкке қара түтін будақтағаны хабарланып, оқиға орнынан түсірілген видео жарияланған болатын.