"Осы жылдың алғашқы жартысында 520 тексеру жүргізіліп , 177 заң бұзушылық анықталды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсы. Мәселен 2005-жылдың алғашқы жарты жылында 247 заң бұзушылық анықталған болатын",- дейді Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов.
Мәліметке қарағанда, биыл жүргізілген тексерулердің қортындысы бойынша , қоршаған ортаны қорғау заңдарын аяқ асты еткендерге 5,2 млн. теңге көлемінде 175 айыппұл салынған, қоршаған ортаны ластауға байланысты шығынды өтеуге 4,5 млн. теңгеге көлемінде 52 талап қойылып, 8 мекеме жұмысы мүлдем тоқтатылған. М.Рахымбергеновтың айтуынша, әсіресе "экологиялық сараптама қортындысының болмауы, тиісті қалыпты бұзу, сыртты ластау" сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.
Сондай- ақ , басқарма бастығы 2006- жылы Астанада 657 млн. теңге көлемінде экологиялық төлем жиналып, оның 70% қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалғанын хабарлады.