Астананың әр ардагері медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Медицина қызметкерлері жүйелі түрде ардагерлердің үйлеріне барып, оларды дәрігерлік көмекпен толықтай қамтитын болады.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері – көп жасаған азаматтар. Олардың саны жылдан жылға азайып келеді. Біздің мақсатымыз – ел үшін отқа түскен жандарды өмірдің лайықты дәрежесімен қамту үшін бар күшімізді салу. Қанды айқаста олар Отанымыздың бостандығын, ұрпақтардың болашағы мен бейбіт өмірді қорғады. Олар ұқыптылыққа, қамқорлыққа, күтімге лайық.

Олардың денсаулығына деген күтімге ерекше көңіл бөлінеді. Осы жылдан бастап ардагерлерді медициналық көмекпен қамтуға арналған жағдай жасау мақсатында Астана әкімдігі Ұлы Отан соғысының әр ардагері үшін медициналық мекемелердің жетекшілерінің жауап беруі жөніндегі шешім шығарды. Медицина қызметкерлері жүйелі түрде ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, оларды дәрігерлік көмекпен толықтай қамтитын болады», – деп мәлімдеді Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.


Бүгінгі таңда елордада Ұлы Отан соғысының 93 ардагері тұрады.