Алайда ол марапаттау салтанатына қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
Ол жақын күндері белгілі болатын келіссөздерге байланысты салтанатты рәсімге қатыспады. Оның орнына көмекшісі Цанко Цветанов марапатты қабылдап алды.
«Бұл шараға қатыса алмайтыным үшін кешірім өтінемін. Барлық жүлдегер мен бапкерді құттықтаймын. Жаңа жылда Болгария футболы дұрыс бағытпен дами берсе деп тілеймін», - деді Станимир Стойлов видеожолдауында.
«Астана» ФК бас жаттықтырушысы дауыс саны бойынша «Ботев» тәлімгері Николай Киров пен қазақстандық клубтың біріне келуі мүмкін ЦСКА жаттықтырушысы Стамен Белчевтен озып, Болгарияның үздік бапкері атағына ие болды.