Астананың Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылатын параметрлерді еске салды

қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледжердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынды.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;

1-11 (12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін - 35 градустан төмен болғанда);

Сабақты тоқтату туралы ақпарат «31-канал» теледидар арнасының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен 7.45-ке дейін (бірінші аусым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші аусым үшін) беріледі.

Сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балалары оқитын мектептің кезекші жетекшісіне не мектеп әкімшілігіне хабарласуына болады.

Ақпаратты Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.