Астананың бірқатар көшелерінде 28 мамырдан бастап біржақты қозғалыс енгізіледі


Бекітілген жоспарға сәйкес, біржақты қозғалыс алдымен қаланың келесі учаскелерінде енгізіледі:Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,9 км; Желтоқсан көшесі (Московская көшесінен Кенесары көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,0 км.
Содан кейін, үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бастап келесі көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі: Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,6 км; Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,3 км; Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 0,7 км.

Жоғарыда аталған жол учаскелеріндегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 км құрайды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, елорда көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жолдың жүріс бөлігінің өткізу қабілеттілігін 25% дейін арттыруға, қиылыстарда тұрып қалу уақытын 29% азайтуға, көлік ағыны жылдамдығын 33% дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал жолдың орташа уақыты 20% төмендейді.
"Айта кетейік, біржақты қозғалысты енгізу қалалық қоғамдық көлік қозғалысы сызбасына әсер етпейді, өйткені, жоғарыда аталған учаскелерде «Bus lane» жеке жолақтары жасалған",-делінген хабарламада.
Бұл ретте жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды.