Астананың дамуына қосқан үлесі үшін қазақстандықтар алматылықтарға дән риза - Назарбаев

"Алматы - біздің бұрынғы астанамыз... Алматының күшімен, осы қаланың мамандарының күшімен Астана көріктене түсуде. Сол себепті біз Алматыға ризамыз, оны ешқашан ұмытпаймыз, бағалаймыз және оның гүлдене түсуін қолдаймыз", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы барлық қала тұрғындары мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады. "Бұл мереке - барша Астана тұрғындары мен қазақстандықтар үшін үлкен мерей", - деді президент.

"Астана күні- бүкіл ел мерекесі, сол себепті астаналықтар әрбір облыстың жаңа саябақтар, жаңа гүлзарлар, ескерткіштер мен субұрқақтар түрінде сый-сыяпат ұсынып жатқанын байқайды, ол сыйлықтар қаланың кескін-келбетін жасап, оның тұрғындарына қолайлы жағдай мен әсемдік сыйлауда", - деді президент.

Н. Назарбаевтың айтуынша, "Жастар" алаңының жаңаланған гүлзары мен оның субұрқақтары "қаланы көріктендіріп, оның тұрғындарының көз қуанышына айналмақ". Осыған байланысты президент барлық алматылықтар мен қала басшылығына алғыс білдірді.