Астананың іргесінде колония қызметкері өртеніп жатқан вагонның ішінен...

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, құрылысшылар тұрып жатқан вагонда өрт сенбіде кешке болған.

"Мен далада кір жайып жүріп, вагонның есігінен түтіннің шығып жатқандығын көріп қалдым. Ұялы телефонмен өрт сөндіру бөлімшесіне хабарласқан бойда өртеніп жатқан вагонға қарай бардым", деді Р.Қаленова.

"Батылдық танытқан ол оттан екі ер адамды алып шығып үлгерген, артынша онда газ баллоны жарылып, вагонның төбесі қираған," делінген онда.