Астананың ірі кәсіпорындары өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға 100 млрд тенгеден астам қаржы бөледі


Меморандумдар өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға және өзара іс-әрекет етуді көздейді. Құжаттарға қаланың жеті ірі кәсіпорны қол қойды. Олардың қатарында «Концерн Цесна Астық», «Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны, «Астана Зеленстро» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және т.б бар.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков салтанат барысында биылғы жылы қалада алты жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 2 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын атап көрсетті.
Ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астана бойынша 8 мың жұмыс орнын сақтау және қосымша 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін болғанын атап өтті.