Астананың кез келген тұрғыны бір күн әкім бола алады

Сонымен бірге, аудан басшысы азаматтарға креативті жобалардың іске қосылғаны туралы айтып берді, нақты айтқанда, аудандағы тозығы жеткен, апатты үйлердің орнына салынатын, азаматтардың бос уақыттарын өткізуіне арналған заманауи қоғамдық кеңістіктер құрылады.

«Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға арналған «Дәрігер жақын» жобасы іске қосылды және зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған шағын-орталықтар ашылады, оған қоса, жастарға арналған «Арт хаус» жобасы тағы бар», – деп хабарлады әкім.

Тұрғын үйлерді абаттандыру жайын талқылау барысынжа әкім азаматтардың көтерген сұрақтары кезек күттірмей шешуді қажет ететінін айтып, ПИК басшыларынан азаматтардың шағымдарына жедел жауап беруді талап етті.


«Адамдар кездесуге сұрақтарына нақты жауап алу үшін келеді, сондықтан есептік кездесу аяқталғанша мардымды жауап қайтаруыңызды сұраймын», – деп тапсырды әкім.

Азаматтардың түрлі пікірлері, ұсыныстары, тілектері тыңдалды. Әкім әсіресе, студент жастардың бастамаларына назар аударды.

«Қазір дублер күнін өткізу ойы айтылды, әр азамат бір күн әкім болып, тұрғындардың проблемаларын тыңдай алады», – деді Арман Тұрлыбек.