Астананың көші-қон қызметі басқармасы мекенжайын ауыстырды

Астана қаласы ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасы мекенжайын ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik.

Бұдан бұрын Сейфуллин көшесі, 29 мекенжайында орналасқан еді. Ал қазір Иманов, 31 көшесіне ауысты.

Жаңа мекенжайда көші-қон бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер 2017 жылдың 25 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылмақ.