Астананың мерейтойына қатысты салтанатты шараларға 10 елдің мемлекет басшысы қатысады

"Мемлекет басшысының айтқанын ескере отырып біз Астана күніне алыс және жақын шетелдерден 10 елдің мемлекет басшысы мен ТМД елдерінің 100 өңірлік басшылары қатысады деп жоспарлап отырмыз", - деді әкім. Оның нақтылауынша, қазіргі жағдаймен Тәжікстан, Түркия, Египет президенттері, Иордания королі, сондай-ақ, Түрікменстан үкімет басшысының орынбасары мен бірқатар қалалардың басшылары қатысады.

Жалпы алғанда, И. Тасмағамбетовтың айтуынша, Астананың мерейтойын тойлауға байланысты шаралар шілленің 1 мен 6 аралығында өтеді. "Басты іс-шаралар 4,5 және 6 -шілде - жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді". Осы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінен келген өнер шеберлерінің "Астанаға деген махаббатпен" атты жалпы концерті мен "Мәскеуден махаббатпен" атты концерт және басқа да шаралар өтеді. 6 шілдеде қаланың басты алаңында президенттің "Ақ орда" сарайының алдында "Астанаға махаббатпен" атты қойылым-феерия өтеді.