"Бөлімшелердің жоғарғы деңгейдегі әскери дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мерекелік шаралар уақытында 28 маусымнан 8 шілдеге дейін Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің гарнизонының жеке құрамы екі ауысымдағы жұмыс режимімен күшейтілген қызмет түріне көшіріледі", - деді Б. Құтпанов.
"Астанада маусым-шілде айларында орта есеппен отыздай өрт болады", - деп хабарлады ол.
Өрт сөндіру қызметі департаментінің бастығының мәліметтеріне сүйенсек, Елорданың өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету үшін онжылдықты тойлау кезінде өрт сөндіру қызметінің 1083 қызметкері, "Қазавиақұтқару" РМК тікұшағы мен 49 негізгі және арнайы техника жұмылдырылады. Б. Құтпанов тікұшақтың Астана төңірегінің ашық аумағында болуы мүмкін өрттерді сөндіру мақсатымен тәулік бойы кезекшілік атқару үшін жұмыс жасайды.