Мына кадрлерде кафеде ерегесіп қалғандар далаға шығып бір-бірінің тұмсығын бұзуда. Ішімдікке тойып алып, күштері тасығандардың шама-шарқы алғашында бірдей еді. Бірақ кастет киіп алған еңгезердей жігіт қарсыластарын жойқын соққысымен сұлатып жатыр. Сөйтіп төртеуі жабылып жүріп үш жігітті сабап тастады. Тіпті өлім аузында жатқандарды басынан аяусыз тепкілеуде. Ауыр соққы алғандар ауруханаға жеткізіліп, ажалдан аман қалды. Ал полиция төбелесті бастаған бұзақылардың қолына кісен салып, изоляторға жапты.