Астананың қуат кешенінің қуаттылығын 2013 жылға қарай екі есеге дейін арттыру керек - Астана әкімі

Әкімнің ақпараты бойынша қажетті инвестицялар мөлшері 330 млрд теңгені құрайды.

А. Мамин хабарлағанындай, бүгінде "Степная", "Заречная", "Жұлдыз" қосалқы электр станцияларының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, "Жаңажол" қосалқы станциясынының құрылысы жүргізіліп, "ПНФ" қосалқы станциясының жөндеу жұмыстары жасалуда. 6-шақырымдық магистральдық жылу жүйесі тартылды.

2-ші ЖЭО кеңейту және қайта жөндеу аясында №6 қазандық агрегаты іске қосылып, тұрғызылған станцияның жылу қуаттылығы сағатына 210 Гигакалорияға ұлғайтылды. Ал электр қуаттылығы- 120 Мегаваттқа артты.

Сонымен қатар, 2-ші ЖЭО қайта жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастырылып, сағатына қуаттылығы 592 Гккал су қазандығын, үш қазандық агрегатын және екі турбоагрегат салу жоспарланған.