Астананың шетіндегі саяжайды су басып жатыр

Кеше қас қарая келген ағысы қатты су елді-мекеннің астан кестенін шығарған. Үйлерінен жанұшыра шыққан жұрт тіпті қазандағы тамағын ішуге үлгермей қалыпты. Ал заттары су бетінде қалқып жүр. Айдың күннің аманында су астында қалған тұрғындар не болғанын түсіне алмай отыр. Тек Қарағанды облысындағы дамбалардың бірі жарылуы мүмкін деп болжайды. Қазір үйлері су астында қалған жұрт ағайын-туысты жағалап кеткен. Барар жерлері жоқтар «жандарын шүберекке түйіп отыр». Топан судың қайдан келгенін қала әкімдігі тек бүгін түсіндірді. Айтуларынша, бұған гидротехниктер кінәлі екен. Олар өзен суын басқа арнаға бұрып жіберген.


Мәнсия Сағатбекова, саяжай тұрғыны:

- 15 күн суды кешіп жүрдік резеңке етікпен. Содан төбеде жаттық. Жаңбыр жауды. Одан қайта түсіп, үйге кірдік.Үй іші тізеден су болса да төсекте жаттық.  Енді не істейміз енді? Қайдан келгенін білмейміз енді? Біреу айтады Қарағандыдан келді дейді. Біреу айтады Вячеславксийде дамбаны ашып жіберген дейді.