Астананың шеткі ауылдары су астында қалды

Бас қалаға қарасты Қараөткел тұрғындарының қазіргі жағдайы дәл осындай. Жұрт толарсақтан су кешіп жүр. Ал, көлге айналған көшеден көлік өте алмайды. Ауылға қарым-қатынастың тоқтағанына бір аптадан асқан. Тіпті үйлерге жедел жәрдем де кіре алмай, кері қайтып жатыр. Еріген қар суының екпіні күшті. Жан-жаққа жылдам жайылып, баспаналардың іргесіне дейін жеткен. Қазір қызыл судың ортасында жүрген мына жалғыз техниканың  әрекеті көзге көрінер емес.


Айсабек Досмағамбетов,  Қараөткел елді-мекенінің тұрғыны:

-Бір жеті болды балларды сабаққа жібере алмай жатырмыз. Газельдің үстіне мінгізіпа шығарып саламын. Ана үйге кеше жедел жәрдем кіре алмады.