Астананың студенттері де Әбзляовты қайтаруды талап етті


Француз тілінде «әділеттілік» деп айқайлаған мына нояндар флэш-мобқа бірнеше күн дайындалған. Алайда сайып келгенде, бүгінгі шараға небәрі он шақтысы жиналды. Бар-жоғы 6 минут айқайлаған жастар тіпті арнайы сахналық киіммен келген. Олар да Мұхтар Әблязовты Франция елінен қайтаруды талап еткен үшбу хатын әкеліпті. Дегенмен абыр-сабырмен жүріп әлгі жазып келгенін елшілікке де тапсырмастан кетіп қалды. Естеріңізге салсақ, екс-банкир Мұхтар Әблязов БТА банкінің 5 млрд.тан астам қаржысын алып қашты, қылмыстық топ құрды деп айыпталуда. Оның артынан Қазақстаннан басқа тағы Украина, Ресей елдері де іздеу салған.