Астананың тәртіп сақшылары мерейтойлық медальдармен марапатталды

ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбековтың бұйрығы бойынша кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін және Қазақстан конституциясының 10 жылдығына орай Астана қалалық ішкі істер департаментінің кейбір қызметкерлеріне мерзімімен бұрын арнаулы шен-шекпендер табыс етілді. Сонымен бірге Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің құттықтау хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталды.