Астананың "Жас Отаны" елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің үндеуіне бас көтергендердің алғашқысы. Бұрын хабарлағанымыздай, президент "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және партияның маман резервін құру мәселесін айтқан болатын.
"Біз сыбайлас жемқорлық проблемаларына деген көзқарастарды білу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлықтың өте төмен пайыздық көрсеткіші бар елдердің тәжірибелерін зерделеп, мүмкіндігінше олардың жұмыс тәжірибелерін қолданбақпыз",- деді Астананың жастар мәслихатының төрағасы Анатолий Добровольский.
Сонымен қатар, "Нұр Отанның" жастар қанаты үстіміздегі жылы маман резерві мектебі - пилотты жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Ол сәтті жүзеге асса, Қазақстанның аймақтарында осы тектес мекемелер ашылатын болады. Мектепті бітіргеннен кейін диплом берілетін болады. Оқу мерзімі - 2 жыл.