«Астана-Павлодар» жолында ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті


Оқиға кеше кешкі сағат 17:38 минут шамасында орын алған. Екі көліктің қатты соқтығысуынан «Ваз-2121» көлігінің жүргізуші А.Трубчаников сол жерде көз жұмып, көлігі өрттеніп кетті. Ал «Лада-КS 015-026-40» көлігінің жүргізушісі 1991 жылғы Б.Орехов түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды.