Апат Астана-Петропавл тас жолының 105-ші шақырымында шілденің 20-нан 21-іне қараған түні болған. Алдын-ала жорамал бойынша, апаттың шығуына "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол "Ниссан" автокөлігіне соқтығысу салдарынан "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға түскен. "Ниссан" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, сондай-ақ, "Мицубиси" автокөлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында мерт болды.