Астана-Шардж арасындағы әуе рейсі ақыры қайта жанданды


Астана мен Шардж арасындағы әуе рейсі қайта жанданды, деп хабарлады 24.кз. 

Еліміздің Инвестициялар және даму министрлiгi Шардж қаласының әуежайы ұшақтарды қабылдап жатқанын хабарлады. Астана мен Алматыға қатынайтын ұшақтар бүгін кестеге сәйкес ұшып жатыр. Қазір аталмыш ведомство қазақстандық туристерді елге жеткізу жайын пысықтауға кірісті. Соған сәйкес, «Эйр Арабия» әуекомпаниясы арқылы қосымша рейс ұйымдастырып, Шардждағы туристерді СКАТ әуекомпаниясының көмегімен елге жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Еске сала кетейік, кеше күн райына байланысты Шардж әуежайы ұшақтарды қабылдамаған болатын. Ал ол жақтан Алматыға 180 адам ұшып келуі керек еді. Сонымен қатар, «Эйр Арабия» компаниясы Астана мен Алматыдан Шардж қаласына ұшатын екі рейсті тоқтатты. Бұл бағыттар бойынша Біріккен А