Соның негізінде Астана-Щучинск жолымен жүрген көліктер жол ақысын «Касса 24» терминалдары арқылы төлеуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі.
Терминал арқылы төлеген кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі.
«Бұл «Астана-Щучинск» жолын пайдаланғаны үшін ақы төлейтіндерді ұзын-сонар кезектен құтқарады», - дейді аталған компанияның ақылы жолдар дирекциясы директоры Лаура Ақмоллина.