Астанда 200 мыңға дейін тіркелмеген азамат тұрады

"Мен Астанада үстіміздегі жылдың 10 айында небәрі 62 мың азаматтың (тіркеуі жоқ - агенттік ескертпесі) тіркелгендігін айта аламын, олардың ішінде 53 мыңы басқа аймақтардан келгендер",- деді Е. Ормышев. Ол сонымен қатар, шындығында "болжам бойынша Астанада 100 ден 200 мыңға дейін тіркелмеген халық тұратындығын" атап өтті.

Департамент бастығының орынбасарының ақпараттарына сүйенсек, "заң бойынша кез келген елді-мекенде үш айдан көп уақыт тұрған азамат тіркелуге міндетті. Өйтпеген жағдайда ішкі істер органдары оны әкімшілік жазаға тартуға толық құқылы". Астанадағы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рыспековтың айтуынша, статистика мәліметтеріне сүйенсек "үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен Астанада 500 мыңнан астам адам тұрады, ал қуат ресурстары мен ауыз суды пайдалануға қатысты көрсеткіштер аталмыш көрсеткіштен айтарлықтай асып түседі". Осыған байланысты әкімнің орынбасары, 5-қарашадан 5-желтоқсанға дейін Астанада қала тұрғындарының санын нақтылауға бағытталған "Мен - Астана тұрғынымын" атты жалпы қалалық іс-шара басталғандығын еске сала кетті.

"Қазірде азаматтардың тіркеуге тұруы айтарлықтай оңайлатылған",- деді Е. Ормышев. "Бағдарлама аясында және содан кейін де тек тұрғын үйлерде ғана емес, сондай-ақ қызметтік ғимараттарға да тіркеуге тұруға болады",- деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті