Астрахан облысының Красноярск ауданында Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшыларының келіссөздері басталды

"Мен, екі елдің президенттері қалаған өзара ықпалдастықты біздің жалғастыра алатындығымызға сенімдемін",- деді К. Мәсімов кездесуді аша отырып.

"Біздің саяси жетекшілеріміз өте әділ диалог жүргізеді, бұл біздің тиімді жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде көптеген экономикалық мәселелер өз шешімін табуда",- деп атап көрсетті өз кезегінде В. Зубков. Ол сондай-ақ "екі ел арасындағы тауар айналымы үстіміздегі жылы 16 млрд АҚШ долларына жететіндігін" атап өтті.

В. Зубков атап өткендей, келіссөздер аясында "отын-энергетика саласындағы, көлік, атомдық энергия саласындағы және бірқатар басқа да мәселелер саласындағы" ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады, деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті